Көкше көркіне қызыққан көп

38 рет оқылды
0

Еліміздің сұлу өлкесіБурабай курорттық аймағы туристерге жыл он екi ай қызмет көрсетуге дайын.  «FOUR SEASONS» атты тұжырымдамада көрікті мекеннің туристік әлеуетін арттырудың барлық мүмкіндігі қарастырылған. 20 жобадан тұратын бағдарлама Бурабайдың қысыжазы жұмыс iстеп тұруын қамтамасыз етедi. Ал арнайы құрылған туристақпараттық орталық аймақтың одан әрi танылуы мен қонақтардың Бурабай жайлы жанжақты мәлiмет алуына жағдай жасайды.

Мамандардың айтуынша, Бурабай курорттық аймағын дамыту үшiн ең алдымен оны әлемдiк деңгейде жан-жақты таныту керек.  Көкшетауда  үш тілде жарық көрген «Көкше аңыздары» атты кiтапты шығарудағы мақсат та осы. 10-ға тарта аңыз топтастырылған кітап Ақмола облысына келген шетелдiк қонақтарға сыйға тартылады. Бұдан бөлек, ЕХРО көрмесiнде де Бурабай туралы мәлiмет беретiн 20 мыңға жуық брендтiк өнiмдер шетелдiктерге таратылған болатын. Халықаралық көрмеге келген меймандардың 80 пайызы Бурабайды арнайы барып тамашалауы курорттық аймақтың танымалдығын арттыра түсті.

Көрікті өлкеге келетін туристер санын арттыруға мүмкіндік беретін тағы бір жаңалық – аймақта жыл сайын ұйымдастырылатын «Қансонар» фестивалi бұдан былай Бурабайда өткізілмек. Бұл туралы облыстық туризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырханов мәлімдеді.

«Араб Әмiрлiктерiнен келген қонақтар бiздің сұңқармен аң аулауға қызығып отыр. Оларда да саятшылықтың осы түрi жақсы дамыған. Сондай-ақ, жапондықтар Бурабайдан түрлi халықаралық мерекелiк шаралардың өткенiн көргiсi келетiнін айтты. Ендi аймақта жыл сайын ұйымдастырылатын «Қансонар» фестивалi бұдан былай Бурабайда өткiзiледi. Одан бөлек, қысқы спорт түрлерiнен өтетiн түрлi сайыстар да осы өлкеге қыстыгүнi де кiсi қызығуына жағдай жасамақ. Қазiрдiң өзiнде Бурабайға тек жазда ғана емес, күз бен қыста да келетiндер көбейе бастаған. Мәселен, ерлi-зайыпты Александра мен Игорь көрiктi өлкеге Ресейдiң Екатеринбург

comments powered by HyperComments