Отандық өнімге сұраныс артты

129 рет оқылды
0

Шығыс Қазақстанда нарықтағы отандық сүт өнімдерінің үлесі артып келеді. Мәселен Бородулиха ауданындағы сүт өңдеу цехы биыл жұмыс көлемін 30%-ға арттырған. Сүт, қаймақ, ірімшік өндіретін шағын кәсіпорында 10 адам еңбек етеді. Бұл туралы Хабар24 хабарлады. 

Жас мамандар да ауылға бет бұрып, аға буынды алмастырып жатыр. Тәулігіне 6 тоннаға жуық сүт өңдейтін цехты болашақта кеңейту жоспары бар. Бұл жоба Индустрияландыру картасына да енгізілген. Яғни инфрақұрылымдық жүйелерді тартуға мемлекет жәрдем береді.

Александр Годунов, цех басшысы:

— Қазір нарықта сапасыз дүниемен елді алдай алмайсың. Сондықтан жергілікті отандық өнімдерге сұраныс артып келеді. Бұрын Семей қаласына ғана жіберсек, қазір Өскемен қаласына да жөнелтеміз. Болашақта ірімшіктің басқа да түрлерін шығаруды қолға алып, цехты кеңейтсек деген жоспарымыз бар.

comments powered by HyperComments