Әр қазақтың төрінде Абай тұрса

Әр қазақтың төрінде Абай тұрса

Әр қазақтың төрінде Абай тұрса
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және XXI ғасырдағы Қа­­зақ­стан» атты мақаласында: «Биыл Абай Құнан­­байұлының туғанына 175 жыл толады. Хал­қымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайық­ты атап өту үшін арнайы құрылған ко­миссия дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халықаралық дең­гейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жос­парланып отыр. Бірақ мұның бәрі той той­лау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, ру­хани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек» деп жазған болатын. Елімізде ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар басталып та кетті. Бұл әри­не, көңілге қуаныш ұялатады. Осынау дүбірлі той­ға орай біздің де ұсынысымыз бар. Естеріңізде болса, Кеңес заманында үстел үсті­не қоятын, биіктігі шамамен 15 сантиметрдей бо­латын металдан құйылған Абайдың мүсіншесі дүкендерде сатылатын. Оның бір кемістігі, мүсінше құйылған металл қара-қоңыр түстес еді, содан жұ­пыны көрінетін. Бірақ қазір осы мүсіншенің өзін еш жерден таба алмайсыз. Тіпті, ескі заттар са­татын арнайы антиквариат дүкендерде де жоқ. Егер әр қазақтың үйінде домбырамен қоса абыз ақы­нымыз Абайдың мүсіні тұрса, қандай жарасымды болар еді! Бұл әрі келер ұрпаққа өнеге болары сөзсіз. Осы орайда, Абайдың бұрындары жа­салған мүсіншесін үлгі ретінде пайдаланып, кү­міс түстес ақ-сұр металдан құйып, көбейтіп са­тылымға шығарса, сұраныс та аз болмасы анық. Абай мүсіні сыйлы қонағыңа, жақын досыңа, туыс-туғаныңа сыйлауға әбден лайықты сый-тарту болар еді. Шеттен келетін меймандарымызға да Абай бейнесін сыйлап  жатсақ,  еш сөкеттігі жоқ. Осылайша барымызды бағалап, ардақты тұл­ғамызға ерекше құрмет көрсете білсек, елдігіміздің бел­гісі осы болар еді.

 Нақыпбек СӘДУАҚАСОВ,

Нұр-Сұлтан қаласы