WhatsApp-та жаңа маңызды функция пайда болды

WhatsApp-та жаңа маңызды функция пайда болды

WhatsApp-та жаңа маңызды функция пайда болды
ашық дереккөзі
WhatsApp мессенджерінде хабарламаларды автоматты түрде өшіруге мүмкіндік беретін жаңа функция іске қосылады. Бұған дейін мессенджер қолданушылары хабарламаларды автоматты  түрде өшіру функциясын топтық чаттарда ғана қолдана алса, бұл функцияны енді барлық чаттарға қосу мүмкіндігі туады.  Қолданушылар хабарламаларды сақтау ұзақтығын бір сағаттан бір жылға дейінгі аралықта өздері таңдай алады. Айта кетейік, бұған дейін "Телеграм" және  "ВКонтакте" әлеуметтік желілерін жасаушы Павел Дуров WhatsApp мессенджерін сынға алған болатын. Оның айтуынша, қолданушылар өз смартфондарын ауыстыру арқылы жеке деректерінің резервтік көшірмесін бұлттық қоймада қалдырады. Бұл көшірмелер шифрланбайды. «Екіншіден, WhatsApp – бастапқы қоды жасырын қосымша. Мұндай бағдарламаларға сенудің қажеті жоқ», – дейді Дуров.