Еуропада коронавирус тіркелмеген жалғыз ел қалды

Еуропада коронавирус тіркелмеген жалғыз ел қалды

Еуропада коронавирус тіркелмеген жалғыз ел қалды
ашық дереккөзі
Еуропада коронавирус инфекциясы тіркелмеген жалғыз мемлекет қалды. Ол – Черногория. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау институтының эпидемиологы Игор Гали айтты, деп хабарлады Интерфакс. Дәрігердің айтуынша, елде 2 мыңнан астам адам коронавирусқа тексерілді, қазіргі уақытта 392 тұрғын бақылауда тұр. Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде коронавирустың 127 мыңдай астам жағдайы тіркелген. 4,6 мыңнан астам науқас қайтыс болды, 68 мыңнан астамы емделіп шықты. Коронавирус жұқтырғандар мен көз жұмғандардың саны жағынан Қытай бірінші орында, ал екінші орында Италия тұр. Қазақстанда әзірге коронавирус індетін жұқтыру дерегі тіркелген жоқ. Дерттің алдын алу үшін Мемлекет басшысы қоғамдық іс-шараларды тоқтатуды тапсырды. Сондай-ақ, елімізде мектеп оқушылары уақытынан бұрын демалысқа жіберілетін болды.