Қазақстанда коронавирус 11-16 наурыз аралығында тіркелуі мүмкін – Бекшин

Қазақстанда коронавирус 11-16 наурыз аралығында тіркелуі мүмкін – Бекшин

Қазақстанда коронавирус 11-16 наурыз аралығында тіркелуі мүмкін – Бекшин
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус инфекциясының Қазақстанға кіру ықтималдығына қатысты ғалымдар болжамымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  «Барлық тиісті шараны іске асырып жатырмыз. «Шеңбер» аясы қысылып бара жатқанын көріп отырсыздар. Қытай ғана еді басында. Қазір Иран, Оңтүстік Корея, артынша коронавирус Еуропа елдерін шарпыды. Инфекция тіркелген елдердің ортасында қалдық. Әлбетте, бізге вирус кірмейді деп кепілдік бере алмаймыз. Вирус – қамап тастайтын «мал» емес. Адам немесе жануардың бойында өсіп-өркендей береді. Күн сәулесі оны жеңе ме, жоқ па деген де сұрақ қойылып жатыр. Алайда бұлай ойласақ, күн жарқырап тұрған Иранды қараңыз. Вирус кез келген жануардың азғасында дами береді деп айтар едім. Біздің міндет – тәртіп болатындай ұйымдастыру жұмысын күшейту», - деді Жандарбек Бекшин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Жандарбек Бекшиннің айтуынша болжам бойынша наурыз айының 11-16 аралығында Қазақстанда коронавирус тіркелуі мүмкін. «Бірақ бұл тек болжам ғана. Коронавирус бізде пайда болған жағдайда біз бірден арнайы шараларды қолға аламыз», - деді ол. Бас санитар дәрігердің сөзінше, бұл болжам ғалымдардың математикалық модельді есебіне сүйене жасалған. «Біз жағдайды зерттеп отырмыз. Шеңбердің ішінде қалдық. Тіркелуі әбден мүмкін, бірақ қашан екені белгісіз. Ғалымдар 10-16 наурыз аралығы деп болжағанымен, ол тек тұспал. Болжам орындалмай қалуы да мүмкін», - деді ол.