Левит Токио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды

Левит Токио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды

Левит Токио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды
ашық дереккөзі
Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде  қазақстандық боксшы Василий Левит Токио Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізді.  91 келіде шаршы алаңға шыққан жерлесіміз қазақ боксшылары арасынан үшінші болып Токио Олимпиадасына жолдама ұтып алды. Алғашқы айқасын ширек финалдан бастаған ол Тәжікстан спортшысы Эрдэнэбаяр Сандагсүрэнмен (Ерденебайыр Сандыгсүрен) жұдырықтасып, қарсыласынан басым түсіп, жартылай финалға шықтты. Бұл салмақта тек жартылай финалға шыққан боксшылар ғана Олимпиада ойындарына жолдама алатынын ескерсек, Василий Левит өз міндетін абыроймен атқарды деуге толық негіз бар. Айта кетейік, Василий Левит - Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының (2017, 2019) екі дүркін қола жүлдегері және 2009, 2015, 2017 жылдары Азияның үш дүркін чемпионы.