Бес ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен оқушы табылды

Бес ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен оқушы табылды

Бес ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен оқушы табылды
ашық дереккөзі
Былтыр қазан айында жоғалып кеткен мектеп-интернаттың тәрбиеленушісі табылды, – деп хабарлады аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Былтыр Түлкібас АПБ кезекші бөліміне аудандық мектеп-интернаттың бір меңгерушісі олардың тәрбиесіндегі оқушы қыз із-түзсіз жоғалғаны туралы арыз қалдырады. Айтуынша, кешкі уақыт шамасында 14 жасар оқушы қыз интернаттан қашып кетіп, содан қайтып келмеген. «Осы уақыт аралығында Түлкібас АПБ-нің полицейлері жоғалып кеткен кәмелетке толмаған қызды іздестіруді тоқтатпады. Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде түлкібастық полицейлер қызды бес ай өткен соң, Шымкент қаласынан тауып, ата-анасына дін-аман тапсырды. Бүгінгі күні оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ. 14 жасар қыз осы уақыт аралығында Шымкент қаласында жүріп, жұмыс істегенін мойындады. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықтауда», – делінген хабарламада.