ДДҰ коронавирус қауіпінің жоғары деңгейін жариялады

ДДҰ коронавирус қауіпінің жоғары деңгейін жариялады

ДДҰ коронавирус қауіпінің жоғары деңгейін жариялады
ашық дереккөзі
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус Twitter арқылы трансляция жасалған баспасөз маслихатында ДДҰ Covid-2019 қауіп көрсеткішін барынша жоғары деңгейге дейін көтергенін мәлімдеді. ДДҰ өкілдерінің мәліметінше, жаһандық деңгейде коронавирус әлі пандемия емес, әзірге бұл әртүрлі елдердегі індет қана. ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросы Covid-2019 коронавирусының таралу жағдайы бойынша (28 ақпан 22:30-дағы жағдай бойынша) ақпарат таратты. Соңғы тәулікте тағы үш елде (Беларусь, Литва және Нидерланд) вирус жұқтырудың алғашқы жағдайлары анықталғаны туралы хабарланды. Еуропада ауру жұқтыру жағдайларының расталған саны – 1123, одан көз жұмғандар – 23.