Нұр-Сұлтан мектептеріне психологиялық кітаптар таратылады

Нұр-Сұлтан мектептеріне психологиялық кітаптар таратылады

Нұр-Сұлтан мектептеріне психологиялық кітаптар таратылады
ашық дереккөзі
Елордада «Денсаулық және өмірлік дағдылар» сериясындағы балалар мен жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын нығайту мен дамытуға бағытталған кітаптар таныстырылды, – деп хабарлады Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Шара аясында Bilim Foundation қоғамдық қоры Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасына мектеп оқушыларына арналған 172 кітап жиынтығын тапсырды. Кітаптар тақырыбы есеюдің ең өзекті мәселелерін және осы жолда кездесетін ата-аналардың ажырасуы, эмоциялық мәселелер, көшу, мектептің ауысуы және бейімделу, қорқыныш, үрей, депрессия сияқты тақырыптарды қамтиды. «Бұл кітаптар өзінің ішкі әлемін түсінуге және қоршаған ортамен байланыс жасауға үйрететін шынайы оқиға кейіпкерлерімен, әрі қызықты сюжеттермен ерекшеленеді. Әрбір кітапта мәселенің пайда болу механизмдері мен оны жеңу үшін қажетті қарапайым әрекеттерді қолжетімді тілмен түсіндіретін стратегиялар бар. Қазақ және орыс тілдеріне аударылып, қазіргі таңда қолдануға беріліп, екі тілде де бейнеролик дайындалды», – деді Bilim Foundation қоғамдық қорының басқарушы директоры Берік Рақышев. Шара соңында екі тарап кітаптар жиынтығын 88 мектепке тарату бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.