Сабаққа кешіккен оқушыны ұрып жіберген мұғалім өз кінәсін мойындады (видео)

Сабаққа кешіккен оқушыны ұрып жіберген мұғалім өз кінәсін мойындады (видео)

Сабаққа кешіккен оқушыны ұрып жіберген мұғалім өз кінәсін мойындады (видео)
ашық дереккөзі
Шымкентте төзімі таусылған мұғалім оқушыларға қол жұмсаған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен, – деп хабарлайды AstanaTV. Оқушылардың бірі түсірген видео кадрынан мұғалімнің балаларға "төзімім таусылды" деп ұрысып жатқанын байқауға болады. Ұстаз оларға жауапсыз екендерін айтып, тәртіпке салып жатады. Осы кезде сыныпқа тағы екі оқушы кіреді. Педагог олардың бірін қабырғаға итеріп жібереді де, екіншісін желкесінен салып кеп жібереді. Оқиға Шымкенттегі №83 мектепте болған. Білім беру мекемесінде осы оқиғадан кейін дау шықты. Ата-аналар жиналыста мұғалімге қатысты шара қабылдауды талап еткен. География пәнінің мұғалімі Батыр Күшбаев өз кінәсін мойындап отыр. Сол күні ашуға берілгенін, өкінетінін айтқан. Ол балалардың жиі алдайтынына, сабаққа кешігетініне және түрлі сылтау айтатынына ашуланған. «Сабақ басталды. Бірде-бір бала болмады. Бұл балаларды мен үзілісте көргенмін. Олар «әжетханада болдық» деді. Бірақ олар әжетханадан шыққан. Сабаққа келсем, сыныпта ешкім болмады. 15 минуттан кейін бірақ келді. «Қайда болдыңдар?» деген сұрағыма «Әжетханада» деді. Бұл өтірікке менде дұрыс реакция болмады», – дейді мұғалім. Мұғалім балалар мен олардың ата-анасынан кешірім сұраған. Қатаң сөгіс алды. https://www.youtube.com/watch?v=5jMdivB30HM&feature=emb_logo