Мас күйінде көлік жүргізген елордалық бас бостандығынан айрылды

Мас күйінде көлік жүргізген елордалық бас бостандығынан айрылды

Мас күйінде көлік жүргізген елордалық бас бостандығынан айрылды
ашық дереккөзі
Елордада мас күйінде көлік жүргізген азамат бас бостандығынан айырылды. Ол осыдан бір ай бұрын ұсталған екен. Көлігін тоқтатқан полицейлерге қарсылық көрсетіп, қашпақ болған көрінеді. Мұнымен қоса, бұған дейін де осылай мас күйде көлік жүргізіп, куәлігінен айырылған. Осының бәрін ескере отырып, Есіл аудандық соты оны 1 жылға соттап, темір тұлпар тізгіндеу құқығынан өмір бойына айырды, деп хабарлайды "Хабар 24". Естеріңізге салайық, жуырда Президенттің пәрменімен қолданыстағы заңға өзгерістер еніп, жаза күшейген. Бұл содан бері Нұр-Сұлтан қаласында тағайындалған алғашқы сот үкімі. "Бүгін Есіл аудандық соты мас күйде көлік тізгінін ұстаған жүргізушісі бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұл қала бойынша қатаңдатылған заң бойынша тағайындалған алғашқы үкім. Елорда тұрғыны бұған дейін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Соңғы рет 2017 жылы мас күйінде көлік басқарғаны үшін куәлігінен 6 жыл мерзімге айырылған. Бүгін соттың үкімімен елорда тұрғыны сотталып, көлік жүргізу құқығын өмір бойына айыра отырып, бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ", - дейді қалалық соттың баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова.