Ассамблея сараптамалық қызметін күшейтеді

Ассамблея сараптамалық қызметін күшейтеді

Ассамблея сараптамалық қызметін күшейтеді
ашық дереккөзі
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады, – деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі. Кездесу барысында Елбасына Қазақстан халқы Ас­самблеясының және өңірлік Достық үйлерінің жұмыс жоспарының орындалуы туралы ақпарат ұсынылды. Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының аппара­ты мәдени және ойын-сауық іс-шараларға емес, ең алдымен сараптамалық жұмыстарға баса мән беру ке­регін атап өтті. – Біз 30 жылдың ішінде қазақстандықтардың бір­лігі мен тұтастығының арқасында бүгінгі жетістіктерге қол жеткіздік. Көпұлтты мемлекет болуымыз – біздің артықшылығымыз,  – деді Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы аппараты мен өңірлік өкілдіктерінің қызметін жан­дандыру үшін аудит өткізуді тапсырды. Ж.Түймебаев Ассамблеяның ғылыми-сараптама­лық қызметін күшейту және этносаралық қатынастар саласында зерттеулер жүргізу бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. Сонымен қатар Елбасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады. Кездесу барысында дін саласының қазіргі ахуалы тал­қыланып, Қазақстанның тарихи және рухани бай­лығын сақтауға бағытталған шараларға назар ау­дарылды.