Таразда қызметінен шеттетілген директор мұғалімдік жұмысқа қайта орналасты

Таразда қызметінен шеттетілген директор мұғалімдік жұмысқа қайта орналасты

Таразда қызметінен шеттетілген директор мұғалімдік жұмысқа қайта орналасты
ашық дереккөзі
24 ақпанда Тараз қалалық білім бөліміне қарасты № 43 орта мектеп мұғалімінің өтінішіне байланысты Жамбыл облыс әкімінің тапсырмасымен жұмыс комиссиясы құрылды.  Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрамына білім басқармасының, салалық кәсіподақ, үкіметтік емес ұйым өкілдері енген комиссия дау тудырған бейнероликте айтылған барлық фактілер бойынша тексеру шараларын жүргізуде. Онда келтірілген фактілер расталған жағдайда материалдар құқық қорғау органдарына жіберіледі. Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясының шешімімен  К.Бөрімбекова №43 орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі қызметіне қайта қабылданды. Ал, Тараз қаласындағы № 43 мектеп директоры Э. Өмірбекова уақытша қызметінен босатылды. Қазіргі кезде бұл мәселені облыстық білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің,  облыстық білім басқармасының, Тараз қаласы әкімдігінің және "Nur Otan"  партиясы өкілдерінің қатысумен аталған мәселе жан-жақты зерделенуде. Тексеру іс-шаралары толық аяқталғаннан кейін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес нақты шешім қабылданатын болады. Бүгінгі таңда мектеп қалыпты режимде жұмыс істеп,  оқушылар сабаққа қатысуда. Барлық сабақтар кестеге сәйкес өтуде.