Иранда вице-министр мен депутаттан коронавирус анықталды (видео)

Иранда вице-министр мен депутаттан коронавирус анықталды (видео)

Иранда вице-министр мен депутаттан коронавирус анықталды (видео)
ашық дереккөзі

Иранның парламент депутаты Махмуд Садекидің коронавирус жұқтырғаны мәлім болды. Бұл туралы саясаткердің өзі Twitter парақшасында хабарлады, деп жазады РИА Новости. 

"Коронавирусты анықтауға арналған сынақ оң нәтиже көрсетті. Мен бұл туралы ары қарай өмір сүре алатыныма  үмітім болмағандықтан хабарлап тұрмын", - деп жазды депутат әлеуметтік желіде. 

Айта кетейік, бұған дейін осы елдің Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ирадж Харирчиден коронавирус анықталғаны хабарланған.

Соңғы дерек бойынша, Иранда қауіпті вирустан қаза тапқандардың саны 19 адамға жеткен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл жағдайға алаңдаулы. Өз кезегінде АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы  Майк Помпео Иран дерт құрбандарының нақты санын жасырып отыр деген күдігін білдірді.Ол барлық елдерді коронавирус жайлы деректерді бүркемелемеуге шақырды. https://www.youtube.com/watch?v=AkICEz7-tTg