25 Ақпан, 17:12 378 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Кеңес Одағының соңғы Қорғаныс министрі қайтыс болды

Мәскеуде Кеңес Одағының маршалы Дмитрий Язов қайтыс болды. Бұл  туралы  Ресейдің Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлады. 

«25 ақпанда 96 жасында ауыр және ұзаққа созылған сырқаттан кейін Кеңес Одағының маршалы Дмитрий Тимофеевич Язов қайтыс болды», - делінген министрлік хабарламасында.

Дмитрий Язов 1924 жылы Ресейдің Омбы губерниясының Калачинск уезіндегі Язово ауылында туған. Ұлы Отан соғысына қатысып, Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.

Язов Кеңес Одағының маршалы атағына ие болған әскери жетекшілердің соңғысы еді. Сондай-ақ, КСРО-ның соңғы Қорғаныс министрі ретінде тарихқа енді. 

 

Соңғы жаңалықтар