25 Ақпан, 10:33 419 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 77 658 адамға жетті

Соңғы тәулікте Қытайда 508 адам коронавирус жұқтырған. Елде қауіпті індеттен көз жұмғандар саны 2663 адамға жетті. 

Бүгінде ҚХР-да пневмонияның ауыр түріне шалдыққандардың жалпы саны – 77 658 адам. 27 232 адам емделіп, ауруханадан шықты.

РИА Новости мәліметінше, соңғы тәулікте көз жұмғандардың барлығы – Хубей провинциясының тұрғындары.

Еске сала кетейік, бұған дейін коронавирус тараған елдер қатары тағы 3 мемлекетпен толыққанын хабарлаған болатынбыз.

Кувейтте 3 адам, Бахрейнде 1 адам және Ауғанстанда 1 адам қауіпті кеселді жұқтырғаны белгілі болды. Кувейт және Бахрейнде вирус жұқтырғандар таяуда Ираннан келген. Соңғы дерек бойынша Иранда COVID-19 вирусы 43 адамға жұққан.

Ал Кувейтте үш адам вирус жұқтырған. Ауғанстанның денсаулық сақтау министрінің айтуынша, елде үш адам вирус жұқтырды деп тексерілген. Алайда тексеріс нәтижесі біреуінде ғана вирус барын көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар