Ғаламшарымыздың ең қарт тұрғыны қайтыс болды

Ғаламшарымыздың ең қарт тұрғыны қайтыс болды

Ғаламшарымыздың ең қарт тұрғыны қайтыс болды
ашық дереккөзі
112 жасқа қараған шағында ғаламшарымыздың ең қарт тұрғыны, Жапония азаматы Ватанабе Титэцу дүниеден өтті. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. Қария  Ниигата префектурасындағы қарттар үйінде қайтыс болған.Марқұм 12 ақпанда Гиннестің рекордтар кітабына жер бетіндегі ең қарт адам ретінде енген болатын. Ол 1907 жылы 5 наурызда шаруа отбасында дүниеге келген. 20 жасында Тайваньға көшіп кетіп, 18 жылдан соң отанына қайта оралған. Ватанабе Титэцуға дейін Хоккайдо аралының тұрғыны Масадзо Нонака әлемдегі ең ұзақ өмір сүрген адам ретінде танылды.  Ол 2019 жылдың 20 қаңтарында 113 жасында өмірден өтті. Белгілі болғандай, Жапонияда 80 жастан көп өмір сүрген адамдар саны 2015 жылы 10 миллион адамнан асқан. Айта кетейік, бұған дейін Тәжікстанда үш ғасырды көрген Фотима Мирзокулова әжейдің 127 жасында өмірден өткені жайлы хабарланған болатын.