"Самара-Шымкент" тасжолындағы апаттан 4 адам көз жұмды

"Самара-Шымкент" тасжолындағы апаттан 4 адам көз жұмды

"Самара-Шымкент" тасжолындағы апаттан 4 адам көз жұмды
ашық дереккөзі

"Самара-Шымкент" тасжолының бойында көлік апаты болды. Салдарынан 4 адам мерт болды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Тасжолдың 915 километрінде "Камаз" жүк көлігінің 39 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Volkswagen Sharan маркалы көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан Volkswagen Sharan көлігінің бір жолаушысы жарақат алып, қалған төртеуі оқиға орнында мерт болды.   Бұл орайда, Ақтөбе облыстық Полиция департаменті жүргізушілерден жолдың ережесін қатаң қадағалауға шақырады.