Коронавирус: Оңтүстік Кореяда төртінші адам қайтыс болды

Коронавирус: Оңтүстік Кореяда төртінші адам қайтыс болды

Коронавирус: Оңтүстік Кореяда төртінші адам қайтыс болды
ашық дереккөзі
Оңтүстік Кореяда жаңа коронавирустан төртінші адам қайтыс болды. Елде қатерлі дертті 123 адам жұқтырған. Бұл туралы Ренхап агенттігі хабарлады.  Індеттен көз жұмған төрт адамның үшеуі оңтүстік-шығыстағы Чхондо қаласында Даенам ауруханасында болған. Сол жерде вирустан алғаш рет қайтыс болған адам тіркелді. Кейінірек 110 адамның ауру жұқтырғаны, соның ішінде тоғыз адамның медицина қызметкері болғаны анықталды. Кореяның ауруды бақылау және алдын алу орталығының (KCDC) мәліметінше, 123 адамның 75-і оңтүстік-шығыстағы Тэгу қаласында Синчхонджи шіркеуіндегі діндар адамдармен байланыста болған. KCDC осы діни ағымның 9000 мүшесінің карантинге жабылғанын мәлім етті. Бүгінде Оңтүстік Кореяда 18 науқас толықтай айыққан. Ал Қытайда 22917  адам емделіп шықты.  Айта кетейік, бүгінде ҚХР-да коронавирустан қаза тапқандар саны 2442 адамға жетті. Ал қауіпті індетті жұқтырған адам саны  – 76935.