«Ғылым қоры» АҚ төрағасының орынбасары тағайындалды

«Ғылым қоры» АҚ төрағасының орынбасары тағайындалды

«Ғылым қоры» АҚ төрағасының орынбасары тағайындалды
ашық дереккөзі
Бақытжан Саркеев «Ғылым қоры» АҚ төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. «Ғылым қоры» АҚ-ның Facebook парақшасында жарияланған ақпаратта «Директорлар кеңесінің шешімімен «Ғылым қоры« АҚ төрағасының орынбасары лауазымына Бақытжан Саркеев бекітілді. Бұған дейін ол CSI стратегиялық бастамалар орталығы жобаларының директоры болып жұмыс істеген», – делінген. Бақытжан Саркеев Қазақ ұлттық техникалық университетінің Қаратау филиалын «экономика және өндірістік басқару» мамандығы бойынша бітірген. ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның менеджмент, экономика және болжау иниститутының магистратурасын аяқтаған. Мемлекеттік басқару магистрі (Master of Public Administration – MPA) дәрежесі бар.