Таразда 13 жастағы қыздың асқазанынан 1 келіден көп шаш шыққан

Таразда 13 жастағы қыздың асқазанынан 1 келіден көп шаш шыққан

Таразда 13 жастағы қыздың асқазанынан 1 келіден көп шаш шыққан
ашық дереккөзі
Таразда 13 жастағы қыз баланың асқазанынан ұзындығы 40 сантиметр, салмағы 1 келі 200 грамм тартатын шаш шықты, – деп жазды ҚазАқпарат. Операцияны Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының хирургтары жасады. Ақ халаттылардың айтуынша, ота сәтті өткен. Алғашында, науқастың салмағы азайып, тәбеті жоғалып, іш құрылысында ауру белгілері пайда бола бастаған. Денсаулығына қатысты шағымнан кейін дәрігерлер тексеру жүргізіп, балаға жедел операция жасау керек деп шешкен. Шаштың киіз болып қатып қалғанын алға тартып, ол баланың асқазанында біраз уақыт бойы жиналған дейді дәрігерлер. Дәл осындай жағдай облыста 5-6 жыл бұрын да болған екен.  width= Облыстық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Маулім Кенжалы: «Ата-анасының айтуы бойынша ол кішкентай кезінде шашын тістеп жүретін болған. Содан қалыптасқан әдет. Содан осылай асқазанға жиналған. Баланың қазіргі жағдайы бірқалыпты. Реанимация бөлімінде интенсивті терапия алып жатыр», – дейді