БАҚ-ты қолдауға нақты шаралар қажет

БАҚ-ты қолдауға нақты шаралар қажет

БАҚ-ты қолдауға нақты шаралар қажет
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғам­дық даму министрі Дәурен Абаевты қабылдады. Бұл туралы Пре­зи­денттің баспасөз қыз­меті хабарлады. Кездесу барысында Президентке мемлекеттің ақ­параттық саясатының тетіктерін жетілдіру, аза­маттық қоғаммен ықпалдастықты нығайту, жас­тардың бастамалары мен жобаларына қолдау көр­сету, сондай-ақ диаспоралық және діни саясат ба­ғы­тында жоспарланған шаралар туралы баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтер жылының тиім­ді өткізілуіне, еріктілерге қолдау көрсетудің нақ­ты институттарын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға аза­мат­тық қоғамды тартудың, «Ашық Үкімет» қағидат­тарын дамытудың маңызы зор екенін айтты. Сонымен қатар Президент қазақстандық масс-ме­дианы қолдауға бағытталған нақты шаралар қа­былдау жөнінде тапсырма берді.