Nur Otan Екібастұздағы апатты жағдайдағы балабақшаны қалпына келтіруге күш салады

Nur Otan Екібастұздағы апатты жағдайдағы балабақшаны қалпына келтіруге күш салады

Nur Otan Екібастұздағы апатты жағдайдағы балабақшаны қалпына келтіруге күш салады
ашық дереккөзі
NurOtan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Павлодар облысындағы жұмыс сапарының екінші күні Екібастұз қаласына барды.  width= Бауыржан Байбек фейсбук-парақшасында: «Павлодар облысындағы жұмыс сапарының екінші күні Екібастұз қаласына келдім. Мұнда қаладағы проблемалық нысандардың бірі – «Алтынай» арнайы балабақшасының жай-күйімен таныстым. Балабақшада ерекше қажеттіліктері бар 138 бала тәрбиеленуде. Бұл ғимаратқа соңғы рет күрделі жөндеу бұдан 10 жыл бұрын жасалған екен. Ғимараттың шатыры, қасбеті мен жылу жүйесі апатты жағдайда. Осы мәселені таяу арада шешу үшін барлық шаралар қолға алынады. Балаларды қолдау және олардың құқықтарын қорғау – «Nur Otan» партиясы жұмысының басты басымдықтарының бірі», - деп жазды.