Алматы-Өскемен тасжолында 700 келіден астам балық тәркіленді

Алматы-Өскемен тасжолында 700 келіден астам балық тәркіленді

Алматы-Өскемен тасжолында 700 келіден астам балық тәркіленді
ашық дереккөзі
Алматы-Өскемен тасжолының Талдықорған қаласына кіреберісінде заңсыз балық тиеп өтпек болғандар ұсталды. Газель автокөлігінен ешқандай құжаты жоқ 700 келіден астам балық тәркіленді, – деп  Алматы облыстық Полиция департаменті. Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері облыс әкімдігі жанындағы жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел тобымен бірге «Браконьер» іс-шарасы барысында күдік келтірген Газель маркалы көлігін тоқтатқан. Тексере келе, оның жүк салғышында ешқандай құжаты жоқ ірі көлемде көксерке балығы тиелгені белгілі болды. Әкімшілік құқықбұзу заңнамалары бойынша тергеу амалдары басталып, балықтың иесі, көліктің бағыты анықталуда. Тәркіленген көксерке балығы өлшеніп, уақытша сақтауға арнайы қоймаға тапсырылды. «Жыл басынан бері табиғат қорғаушылар заңсыз балық аулау бойынша 50-ге жуық заң бұзу фактісін тіркеді. Бір қылмыстық іс қозғалды. 1700 кг балық тәркіленіп, мемлекетке 2 млн теңгеден астам шығын келтірілгені туралы хаттама толтырылды», – дейді Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторы Ринат Қумашев.