Атырауда үш ауысымда оқытатын 12 мектеп бар

Атырауда үш ауысымда оқытатын 12 мектеп бар

Атырауда үш ауысымда оқытатын 12 мектеп бар
ашық дереккөзі
Атыраудың білім беру саласында үш ауысымда оқытатын 12 мектеп бар. Мұндай мектептің бәрі облыс орталығында орналасқан, – деп жазды ҚазАқпарат. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов білім сапасын төмендететін мұндай олқылықты жою қажеттігін ескертті. – Президенттің өзі атап өткендей, қала мен ауыл мектептерінің орта білім саласындағы алшақтығы қатты байқалады. Бұл олқылықты жойып, білім сапасына ерекше мән беруіміз қажет. Біз көбінесе оқушылардың проблемаларына ғана көңіл бөлумен шектелеміз. Ал, мұғалімдердің білім-білігі бүгінгі күннің талаптарына қаншалықты сай келетініне бас қатырмаймыз. Сол себептен, педагогтердің де деңгейін зерделеуіміз керек. Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіріп, жаңа әдістемелермен қамтамасыз етсек, білім сапасын көтере аламыз, – деді облыс әкімі.