Көппәтерлі үйлер «Бір үй – бір бірлестік – бір шот» қағидаты бойынша басқарылады

Көппәтерлі үйлер «Бір үй – бір бірлестік – бір шот» қағидаты бойынша басқарылады

Көппәтерлі үйлер «Бір үй – бір бірлестік – бір шот» қағидаты бойынша басқарылады
ашық дереккөзі
Тұрғын үй заңнамасын жетілдіру бойынша түзетулер былтыр жыл соңында қабылданып, биыл 7 қаңтарда күшіне енді. Осы орайда, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев  заңнамалық деңгейде көппәтерлі үйлерді басқаруда «Бір үй – бір бірлестік – бір шот» қағидаты бойынша «мүліктің меншік иелері бірлестігі» коммерциялық емес ұйым құрудың жаңа нысаны көзделгенін тілге тиек етті. Сонымен қатар «Тұрғын үйді одан әрі күрделі жөндеуден өткізу үшін жинақ жүйесі енгізілді (0,005 АЕК – 1 шаршы метр үшін 13,3 теңге). Басқару органдарының қызметі ашық жүргізіледі, сондай-ақ басқару органдарын меншік иелері тарапынан бақылау және әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғыларды, газбен жабдықтау объектілерін қауіпсіз пайдалану нормалары көзделген. Тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінің қызметі реттелген және құралдарды сатып алу ашық жүргізіледі», – дейді вице-министр.