Митингке шығатын азаматтардың құқығы мен міндеті қандай?

Митингке шығатын азаматтардың құқығы мен міндеті қандай?

Митингке шығатын азаматтардың құқығы мен міндеті қандай?
ашық дереккөзі
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова «ҚР-да бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі» туралы заң жобасына сәйкес митингке шығатын азаматтардың құқығы мен міндеті қандай болатынын түсіндіріп берді, – деп жазды ҚазАқпарат. «Біріншіден кез келген ұйымдастырушының өзіндік қоғамдық ұстанымын білдіріп, бейбіт жиын өткізуге құқығы бар. Сонымен қатар ұйымдастырушының бейбіт жиынға қатысушылардың алдындағы өз міндеттемелері мен жауапкершілігі де қарастырылған. Әлбетте бұл тұрғыда азаматтардың қауіпсіздігі үшін артылатын жауапкершілік туралы сөз болып отыр. Ұйымдастырушы да, бейбіт жиынға қатысушы да шектен шығып кетпеуі керек. Яғни олар конституциялық құрылымды құлатуға немесе басқа да зорлық-зомбылыққа шақырмауы тиіс. Бұл заң жобасы бейбіт жиындарды өткізудің тәртібін регламенттейді», – деді Әлия Ғалымова. Сондай-ақ, комитет басшысы қатысушылар мен ұйымдастырушылардың заң алдында жауапкершілігі бірдей екенін ерекше атап өтті.