Сарықұдыққа газ тартылды

Сарықұдыққа газ тартылды

Сарықұдыққа газ тартылды
ашық дереккөзі
Nur Otan партиясының Батыс Қазақстан облысына қарасты Қазталов аудандық филиалы Сарықұдық ауылын толығымен газбен қамтамасыз етуге жәрдемдесті. Сарықұдық ауылындағы Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары газбен жабдықтау мәселесін шешу үшін Nur Otan партиясының аудандық филиалына жүгінген болатын. Айта кетерлігі, бұл ауылға 2019 жылы газ құбыры тартылғанымен, бойында фельдшерлік-акушерлік пункт және 18 тұрғын үй орналасқан Тәуелсіздік көшесіне ғана газ жүргізілмей қалған болатын. Бұл мәселені шешу мақсатында Nur Otan партиясының Қазталов аудандық филиалы аудандық мәслихат депутаты Н.Жолдыбаевпен кездесу өткізді. Кездесу нәтижесінде депутат құны 260 000 теңге тұратын газбен жабдықтау жобасына қаражатты өз қалтасынан жұмсайтын болып келісілді. Осылайша, үстіміздегі жылдың қаңтар айының басында Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары толығымен газбен қамтылды.