Көкшетауда жатақханадағы өрттен 30 адам құтқарылып, 1 адам көз жұмды

Көкшетауда жатақханадағы өрттен 30 адам құтқарылып, 1 адам көз жұмды

Көкшетауда жатақханадағы өрттен 30 адам құтқарылып, 1 адам көз жұмды
ашық дереккөзі
Көкшетауда жатақхана өртеніп, бір адам көз жұмды. 120 адам (оның 25 бала) эвакуацияланып, 30 адам (оның 14 бала) құтқарылды. Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, төтенше жағдай бүгін түнде, яғни, 17 ақпан күні сағат 02:10 шамасында Назарбаев даңғылындағы 27-ші үйдегі № 401 пәтерде болған. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 43 қызметкері мен 12 өрт сөндіру техникасы, жедел жәрдем қызметі бригадасының 25 қызметкері мен 9 техникасы, Көкшетау қалалық ПБ жедел-тергеу тобының 15 қызметкері мен 5 техникасы тартылды. 5 қабатты, 85 пәтерлі жатақхананың 4 қабатындағы пәтерден шыққан өрттің аумағы 15 шаршы метрді құрады. «Өрттен 120 адам (оның 25-і бала) эвакуацияланып, 30 адам (оның 14-і бала) құтқарылды. Өрт сөндірушілер жеткенше, Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасына 3 адам жеткізілді. Олардың арасында пышақ жарақатын алған 1985 жылғы ер адам ауруханада көз жұмды. Ал, 1981 жылғы әйелдің оң қолында пышақ жарақаты бар, 2000 жылғы әйелге иіс тиген. Соңғысының жағдайын дәрігерлер орташа ауыр деп отыр», дейді ведомстводан. ТЖД қызметкерлері атап өткендей, сонымен қатар, ыстан уланған 2000 жылғы ер адам (жағдайы орташа ауыр) мен 1963 жылғы әйел (аты - жөні анықталу үстінде, жағдайы өте ауыр) Көкшетау қалалық аурханасына жатқызылды. Қазіргі кезде өрттің себеп-салдары анықталу үстінде.