Аудандар арасындағы байқауда Президент туған өлке ең үздік деп танылды

Аудандар арасындағы байқауда Президент туған өлке ең үздік деп танылды

Аудандар арасындағы байқауда Президент туған өлке ең үздік деп танылды
ашық дереккөзі

Түркіменстанның Көктепе ауданы 2019 жылдың ең үздік аудан байқауында жеңіске жетіп, 1 млн АҚШ долларын алды.

Мемлекеттік ТДХ ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сыйлық тапсыру рәсіміне елдің вице-премьер-министрі, паламент депутаттары бастаған шенеуніктер қатысқан. Бұл туралв Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады.  Ахал облысы Көктепе әкімдігіне 1 млн доллар сыйлық тапсыру туралы бұйрыққа президент Гурбангулы Бердімұхамедов қол қойған. Көктепе ауданында президент Бердімұхамедов дүниеге келген. 7 ақпанда өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалған түркімен лидерінің жалғыз ұлы Сердар Бердімұхамедов осыған дейін Ахал облысы әкімі болған. Сердар Бердімұхамедов Ахал облысын басқарып тұрғанда да бұл өңір мақта терімі бойынша үнемі бірінші орында болатын. Таяуда ғана бұл аймақта жаңа облыс орталығын салу үшін 1,5 млрд АҚШ доллары бөлінген.