Димаштың Еуропа қалаларындағы концерттік туры басталды

Димаштың Еуропа қалаларындағы концерттік туры басталды

Димаштың Еуропа қалаларындағы концерттік туры басталды
ашық дереккөзі
Димаш Құдайберген Ресейдің Краснодар қаласында «Арнау» бағдарламасымен концерті өткізді. Бұл туралы әншінің жеке сайтында хабарланды.  7500 адамға арналған Баскет-холл залы лық толған. Көрермендердің арасында сүйікті әншісінің жанды дауысына құлақ құрышын қандыруға Ресейдің басқа аймақтарынан келгендер адамдар аз емес. Фойеде қазақстандық әншінің талантын қадірлеушілер фан-аймақта суретке түсіп, оның фотосуреті бар плакаттарды сатып алып жатты. Бұдан  әрі Димаш 20 ақпанда Қазанда (Татарстан, Ресей), 23 ақпанда Екатеринбургта (Ресей), 7 наурызда Ригада (Латвия), 9 наурызда Мәскеуде (Ресей), 11 наурызда Киевте (Украина), 19 наурызда Гамбургте (Германия), 21 наурызда Дюсселдорфта (Германия), 23 наурызда Штутгардта (Германия), 25 наурызда Прагада (Чехия), 4 сәуірде Минскте (Беларусь) жеке концертін өткізбек.