Елімізде әскерге шақырылғандардың медициналық тексеруден өту талабы өзгерді

Елімізде әскерге шақырылғандардың медициналық тексеруден өту талабы өзгерді

Елімізде әскерге шақырылғандардың медициналық тексеруден өту талабы өзгерді
ашық дереккөзі
Наурыздың бірінен елде жасы жеткен азаматтар Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскерге шақырылады. Биыл медициналық тексеріс талаптары өзгерген. Бірқатар жаңашылдық бар. Енді болашақ жауынгерлердің денсаулығына да жіті мән беріледі. Жас жігіттердің қалқанша безі, іш құрылысы, жүрегі мұқият тексеріледі, деп хабарлайды 24.kz.  Осы жылы әскерге 34 мыңнан аса азамат шақыртылмақ. Ұландар Қарулы Күштер қатарына, Ұлттық Ұлан сапына, Шекара және Мемлекеттік күзет қызметтеріне алынады.  "Әскерге іріктеу үшін өңірлердегі қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде комиссия құрылып жатыр. Негізгі талап бұрынғы. Мәселен, десанттық шабуылшы болғысы келетіндердің ең алдымен физикалық дайындығы ескеріледі. Спортшыларға, бойы ұзындарға басымдық беріледі", - дейді ҚР ҚК Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Сергей Кузнецов.