Ирактағы АҚШ елшілігі маңына үш зымыран құлады

Ирактағы АҚШ елшілігі маңына үш зымыран құлады

Ирактағы АҚШ елшілігі маңына үш зымыран құлады
ашық дереккөзі

Жексенбі, 16 ақпанға қараған түні Ирак аумағына зымыран шабуылы жасалды. Бағдаттағы "жасыл аймаққа" үш зымыран және Ирак шииттік жасағының штабына бір зымыран құлады.

Бұл туралы жергілікті қауіпсіздік органдарының баспасөз қызметіне сілтеме жасап  РИА Новости хабарлады. 

"Кеше түнде Бағдатқа төрт "Катюша" зымыраны құлады. Үшеуі "жасыл аймаққа" және біреуі "аль-Хашд аш-Шааби" жасағының материалдық-техникалық қолдау штабына түсті. Оның жанында полиция колледжінің ғимараты бар. Бір автокөлікке, шатырлар мен қосалқы бөлшектер қоймасына зақым келген. Қаза болғандар жоқ", – деп жазды қауіпсіздік органдарының баспасөз қызметі.

Бұған дейін Al-Arabiya телеарнасы зымыранның "жасыл аймақтағы" АҚШ елшілігі маңына түскенін хабарлаған.

Бағдаттың "жасыл аймағында" үкіметтік мекемелер мен елшіліктер орналасқан.