Ұялы байланыс операторлары интернет жұмысының тежелуіне қатысты пікір білдірді

Ұялы байланыс операторлары интернет жұмысының тежелуіне қатысты пікір білдірді

Ұялы байланыс операторлары интернет жұмысының тежелуіне қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі

Beeline мен Tele2 ұялы байланыс операторларының клиенттерді қолдау қызметі интернеттегі ақауларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz. 

"Біздің тарапымыздан "Үйдегі интернет" қызметінің жұмысында жаппай тежелу байқалуда. Мамандар жақын арада барлығын қалпына келтіреді. Аталған мәселе бойынша жұмыс жүргізілуде", – деп мәлімдеді Beeline ұялы байланыс операторының клиенттерді қолдау қызметі.

Интернет жұмысының жақын арада қалпына келтірілуіне Tele2 операторы да сенім білдірді.

"Қазір расында да Қазақстан бойынша интернет жұмысының тежелуі байқалуда. Мәселенің жақын арада шешілетініне үміттенеміз", – дейді олар.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан тұрғындары жаппай Google-дың барлық қызметтерінің, сондай-ақ YouTube видеохостингі мен Telegram мессенджерінің, Twitch платформасы мен Instagram әлеуметтік желісінің қызметтері дұрыс істемей жатқанын айтып, шағымданды.