АҚШ пен Мексика шекарасында 650 шақырым қабырға бой көтереді

АҚШ пен Мексика шекарасында 650 шақырым қабырға бой көтереді

АҚШ пен Мексика шекарасында 650 шақырым қабырға бой көтереді
ашық дереккөзі
АҚШ пен Мексика арасындағы шекарада жыл соңына дейін 650 шақырымдай қабырға тұрғызылады.  Қазірге дейін оның 200 шақырымы бой көтерген. Бұл туралы президент Дональд Трамп Вашингтонда шекарашылармен кездесуде мәлімдеді. Ақ үй басшысының айтуынша, шекарада қабырға тұрғызыла салысымен, ел аумағына ағылған заңсыз мигранттар саны 75 процентке азайған. Ал шекарашылардың жұмысы әлдеқайда жеңілдеген, деп хабарлайды «Хабар 24». Айта кетейік, АҚШ пен Мексика арасындағы шекараның ұзындығы 3 мың шақырымнан асады. Өткен апталарда билік Аризона штатында биыл жыл соңына дейін қабырғаның жаңа бір бөлігі салынатынын хабарлаған.