Газбен жүретін көлігін жабық тұраққа қойғандар қомақты айыппұл арқалайды

Газбен жүретін көлігін жабық тұраққа қойғандар қомақты айыппұл арқалайды

Газбен жүретін көлігін жабық тұраққа қойғандар қомақты айыппұл арқалайды
ашық дереккөзі
ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер жабық автотұраққа газбен жүретін көлік қойғандарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 410-бабы (Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау) бойынша азаматтық қорғаныс органдары ереже бұзғандарға 5 АЕК немесе 12 мың теңгеден астам айыппұл сала алады. Сонымен бірге құқық бұзудың салдары ауыр болса, Қылмыстық Кодекстің 292-бабында арнайы жаза көзделген. Оқиғаның ауырлығына қарай айыппұл немесе бас бостандығынан айыру жазалары қолданылады. Екі немесе одан да көп адам қаза тапса 5-10 жыл аралығында бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 2019 жылдың желтоқсанында ҚР өрт қауіпсіздігі ережелеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізген Үкімет қаулысы қабылданды, онда газбен жүретін көліктердің жабық паркингтерге кіруіне тыйым салынды. Жалпы өрт қауіпсіздігі ережелеріне 148 өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.