Карантинге жабылған Diamond Princess кемесі жолаушыларының дәрі-дәрмегі таусылды

Карантинге жабылған Diamond Princess кемесі жолаушыларының дәрі-дәрмегі таусылды

Карантинге жабылған Diamond Princess кемесі жолаушыларының дәрі-дәрмегі таусылды
ашық дереккөзі
Жапониядағы Қытай елшілігі «Даймонд принцесс» куриздік лайнеріндегі қытайлық жолаушыларға дәрі-дәрмек жеткізді.  Кеме 4 ақпаннан бері карантинде тұрғандықтан, лайнердегі жолаушыларда жүрек ауруы мен қан қысымына қарсы дәрі-дәрмектер таусылған көрінеді. Қазір 38 адам қажетті дәріні алған. Тағы 33 азамат дәрінің лайнерге жеткізілуін күтіп отыр. Айта кетейік, Жапониядағы Қытай елшілігінің мәліметіне сай, қазіргі уақытта кеме бортында 300-ден аса Қытай азаматы бар. Сондай-ақ, бұған дейін лайнерде 4 қазақстандық бар екенін хабарлаған болатынбыз.