Бұдан былай жеке куәлігін жоғалтқан қазақстандықтарға уақытша құжат берілмейді

Бұдан былай жеке куәлігін жоғалтқан қазақстандықтарға уақытша құжат берілмейді

Бұдан былай жеке куәлігін жоғалтқан қазақстандықтарға уақытша құжат берілмейді
ашық дереккөзі

Елімізде құжаттарды, соның ішінде жеке куәліктерді беру, сондай-ақ 16 жасқа дейінгі балалармен бірге шетелге шығу ережелеріне енген кейбір өзгерістер туралы Алматы көші-қон қызметіне сілтеме жасап қалалық полиция департаменті хабарлады. 

Сонымен, өткен жылдың қарашасында қабылданған жаңа заңға сәйкес, енді қазақстандықтар жеке куәлігін жоғалтып алған жағдайда уақытша құжат ала алмайды. Полицияның хабарлауынша, оларға бірден стандартты куәлік беріледі.

Одан бөлек, елден шығар кезде 16 жасқа дейінгі балалардың суреттерін ата-анасының төлқұжатына қою тәжірибесінен бас тарту туралы шешім қабылданған. Балалар туралы деректер де ата-анасының төлқұжатына жазылмайды.

Мегаполистің көші-қон полициясы департаменті мұндай шаралар жұмыс процесін жеңілдетеді және қазақстандықтардың мемлекеттік қызмет алуы оңай болады деп санайды.