Өзбекстан билігі Қазақстанда оқитын студенттерін жаппай қайтарып жатыр

Өзбекстан билігі Қазақстанда оқитын студенттерін жаппай қайтарып жатыр

Өзбекстан билігі Қазақстанда оқитын студенттерін жаппай қайтарып жатыр
ашық дереккөзі
Өзбекстан билігі Қазақстан және Тәжікстанда оқитын студенттерін қайтарып жатыр. Мемлекет Орталық Азияның өзге елдерінде білім алып жүрген азаматтарын да қайтармақ. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады. 
Шымкентте оқып жатқан 15 мыңға жуық өзбек студенті жаппай құжаттарын қайтарып алып жатыр. Дереккөздің хабарлауынша, олар кезектің тым көптігінен үлгермей жатқанын айтқан. Өзбек билігі шетелде оқып жатқан студенттерді Өзбекстандағы жоғары оқу орындарына еш емтихансыз ауыстыратынын мәлімдеген. Қазақстанның жоғары оқу орындарынан құжаттарын кері қайтарып алып жатқандардың дені — сырттай немесе қашықтықта онлайн оқитындар. Олардың арасында жасы ересек азаматтары да бар. "Мен Шымкентте оқимын. Жасым 52-де. Өзбекстан азаматымын. Елде жоғары білімсіз жұмыс істеу мүмкін емес. Сол үшін осында оқуға келгем. Енді президент Мирзияев елге шақырып жатыр. Қазір құжаттарын алып жатқан адамдар өте көп. Бәрі үлгермей жатыр",- дейді Мухтабар Омонова есімді әйел. Жоғары оқу орны оқытушылары қолдан келгенінше көмектесіп жатқанын, бірақ кезектің тым көптігінен үлгермей жатқанын айтады. Құжаттарын кайтарып алғысы келетін студенттерге қойылатын басты талап — қарызы болмауы керек. "Бізде 7 мыңнан астам студент бар. Біз мұндай ажиотаж болады деп ойламадық. Біз қазір олардың қолына тек транскрипт беріп жатырмыз, құжаттардың өзі мұрағатта сақталады. Егер оларды Өзбекстан қабылдамаса, қайтып келіп оқуына болады",- дейді Шымкенттегі М. Әуезов атындағы мемлекеттік университет проректоры Садыбек Бейсенбаев. Тәжікстанда оқып жатқан өзбек студенттеріне ондағы оқу орындары Өзбекстанның Ұлттық рейтингі тізімінде жоқ екенін айтқан. Демек ондағы білім сапасы да күмән келтіреді деген. Ал Қазақстандағы жағдайға байланысты себебі түсіндірілмеді.