«Қазақстанның Моцарты» Атырауда концертін берді

«Қазақстанның Моцарты» Атырауда концертін берді

«Қазақстанның Моцарты» Атырауда концертін берді
ашық дереккөзі
Рахат Би Әбдісағин. Бұл есім бүгінде әлемнің өнерсүйер қауымына жете таныс. 20 жасар композитор осы уақыт ішінде симфониялық оркестрге және камералық ансамбльдерге арналған 100-ден аса туындылар жазып, көптеген беделді халықаралық композитор және пианист конкурстарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды «Хабар 24». Табиғи қабілетінің арқасында 13 жасында студент атанып, 17 жасында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын үздік тәмамдаған. Атырауда «Қазақстанның Моцарты» атанған тума талант иесінің «Зымыран заман» атты симфониялық музыка кеші өтті. 500 орындық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының кең залында ине шаншар орын болмады десек, артық айтқандық емес. Классикалық өнерге шөлдеген атыраулықтар Рахат-Би Төлегенұлының шығармаларын аса жылы қабылдады. Әсіресе, жас композитордың «Өмірге құштарлдық», «Жыл құстарының сыңсуы» атты туындылары көрерменді баурап алды. Айрықша дарынымен бала күнінен ел аузына ілінген Рахат-Би Төлегенұлының есімі бұл күні шет елдерге де кеңінен танылған. Музыка әлеміне өзіндік жол салып келе жатқан талант иесі атыраулықтардың құрметіне ризашылығын білдірді