13 Ақпан, 09:44 182 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Коронавирус: Қытайда соңғы тәулікте 200-ге жуық адам көз жұмды

Қытайда коронавирустан қаза тапқандар саны күн санап өсіп келеді. Соңғы тәулікте елде қауіпті індеттен шамамен 200 адам көз жұмды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Бір ғана Хубэй провинциясында коронавирус жұқтырғандардың саны 48,2 мыңнан асып, қайтыс болғандар саны 1310 адамға жетті.

Сондай-ақ, Қытай денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, провинцияда 3341 адам аталмыш дерттен айығып, ауруханалардан шығарылған.

Одан бөлек, хабарламада қазіргі уақытта 33 мың науқастың ем-дом алып жатқаны, 5647 адамның жағдайы ауыр деп бағаланып отырғаны да айтылған.

Айта кету керек, вирустың жаңа түрін жұқтырғандар АҚШ аумағында да көбейген. Қазіргі уақытта бұл індетке 13 адам шалдыққан.

Соңғы жаңалықтар