Елордада екі мектепке араб шейхтарының есімі берілді

Елордада екі мектепке араб шейхтарының есімі берілді

Елордада екі мектепке араб шейхтарының есімі берілді
ашық дереккөзі
Үкімет басшысы Асқар Маминнің қаулысымен елордадағы 12 мектепке білім-ғылым, саясат, мәдениет пен руханиятқа еңбек сіңірген зиялылардың есімі берілді,  деп жазды baq.kz. Нұр-Сұлтан қаласының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 44 қаулысы бойынша:
  1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 10 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Жұмабек Тәшеневтің есімі;
  2. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 48 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ахмет Байтұрсынұлының есімі;
  3. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 52 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бейімбет Майлиннің есімі;
  4. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 56 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шәкәрімнің есімі;
  5. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 57 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мәшһүр Жүсіптің есімі;
  6. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 58 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ілияс Жансүгіровтің есімі;
  7. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 68 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Міржақып Дулатұлының есімі;
  8. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 76 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әлихан Бөкейханның есімі;
  9. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 80 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сәкен Сейфулиннің есімі;
  10. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 84 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне шейх Халифа бен Заид әл-Нахаянның есімі;
  11. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 85 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәнидің есімі;
  12. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына әл-Фарабидің есімі берілді.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енді.