12 Ақпан, 14:37 182 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Федерация кубогы: біздің спортшылар Аргентинамен ойнайды

Сурет - inform.kz
Сурет - inform.kz

Халықаралық теннис федерациясының Лондондағы штаб-пәтерінде Федерация кубогының биылғы плей-офф бәсекесінің жеребесі жария етілді, – деп жазды ҚазАқпарат.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандық қыздар Аргентина құрамасымен кездеседі. Бес ойыннан тұратын матч 17-18 сәуір күндері Аргентинада өтеді. Кездесудің дәл қайда болатыны кейін анықталады.

Қазақстан құрамасы аргентиналықтарды жеңсе, онда 2021 жылы ақпанда өтетін Федерация кубогының іріктеу кезеңінде қайтадан бақ сынайтын болады. Биыл қазақстандықтар осы кезеңде бельгиялықтарға жол берген еді. Аргентиналықтар америкалық аймақтың жеңімпазы ретінде плей-офф бәсекесіне жолдама алды. Сантьягода олар Мексикадан (2:1), Чилиден (2:1), Перудан (3:0) және Колумбиядан (2:0) басым түсті.

Плей-офф бәсекесінің басқа жұптары мынадай: Польша – Бразилия, Мексика – Ұлыбритания, Сербия – Канада, Латвия – Азия/Тынық мұхиты аймағының жеңімпазы, Жапония – Украина, Румыния – Италия, Нидерланды – Азия/Тынық мұхиты аймағының жеңімпазы.

Соңғы жаңалықтар