11 Ақпан, 20:55 267 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Конституцияның 25 жылдығына арналған мерекелік медаль тағайындалды

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған мерекелік медалін тағайындау туралы қаулыға қол қойды, – деп хабарлады Ақорда.
Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының конституциялық негіздерінің қалыптасуы мен дамуына, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы құрметіне ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі тағайындалсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен наградтау қағидалары;

2) «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалінің сипаттамасы бекітілсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар