11 Ақпан, 15:01 266 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Асхат Аймағамбетов мектептерге оқулық жеткізу мәселесін қалай шешпек?

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерге оқулық жеткізуге қатысты жыл сайын қайталанатын проблеманы шешпек, – деп жазды ҚазАқпарат.

«Жыл сайын мектептерге оқулық бойынша проблема туындайды. Сол себепті 31 наурызға дейін оқулықтарды жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу жұмысын аяқтауды тапсырамын. Әдеттегідей, шілде немесе тамыз айына дейін күтудің қажеті жоқ. Олай етсек, жыл сайын осы проблемамен бетпе-бет келе береміз. Бұл жұмысты 31 наурызға дейін атқаруға ешқандай кедергі жоқ», – деді Асхат Аймағамбетов.

Министр бұл бағыттағы жұмысты бақылауды өзінің орынбасары Шолпан Қариноваға тапсырып, қаржыландыру және мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгеріс енгізуді, артынша тиісті конкурсты өткізуді тапсырды.

Ведомство басшысы контингенттің өзгеріп бара жатқанын есепке алуды ескертті.

«Былтыр бірінші сыныпқа барған балалардың саны 2018 жылдағыдан көп. Келесі жыл олардың саны тіпті арта түспек. Сондықтан бірінші сыныпқа қажет оқулықтарға тиісті қаражатты алдын ала қарастыруымыз керек. Бала туу көрсеткіші жоғары. Сол себепті алдымен контингентті анықтап алған абзал», – деді ол.

 

Соңғы жаңалықтар