Ұлттық бірыңғай тестілеу электронды форматқа өтпейді

Ұлттық бірыңғай тестілеу электронды форматқа өтпейді

Ұлттық бірыңғай тестілеу электронды форматқа өтпейді
ашық дереккөзі
2020 жылы талапкерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді қағаз жүзінде тапсырады.  Күні бүгінге дейін әлеуметтік желілерде «биыл ҰБТ электронды форматта өтеді екен» деген ақпар желдей есіп жүрді. Бұған ата-аналар, оқушылар мен мұғалімдердің көңілі алаңдаулы еді. Әйтсе де, бұл ақпарат жалған болып шықты. Ұлттық бірыңғай тестілеу ортылығының мамандары электронды тестілеу жүйесіне көшу биылғы жоспарда жоқ екенін айтты. Бұл бастама келер жылдан бастап іске асуы мүмкін. Дейтұрғанмен, Ұлттық бірыңғай тестілеу ортылығы директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу барысына енгізілетін бірқатар жаңалықтар бар екенін айтты. Мәселен, сынақ тапсырушыларды жасанды интеллект бақылайды.