ҰҚК Қарағанды мен Таразда терроризмді насихаттаған лаңкестік топ мүшелерін ұстады

ҰҚК Қарағанды мен Таразда терроризмді насихаттаған лаңкестік топ мүшелерін ұстады

ҰҚК Қарағанды мен Таразда терроризмді насихаттаған лаңкестік топ мүшелерін ұстады
ашық дереккөзі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды мен Таразда деструктивті діни ағым өкілдерін тұтқындады. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында хабарланды. 

Олардың барлығы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған. Көрсетілген адамдарға террористік топты құру, оған басшылық жасау және оның әрекетіне қатысу (ҚР ҚК 257-бабы), сондай-ақ терроризмді насихаттау (ҚР ҚК 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды", - делінген хабарламада.

Тергеу нұсқасына сәйкес, аталған топ республика аумағында, оның ішінде адамдар көп шоғырланатын жерлерде террористік актілер жасау мақсатында құрылған.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасуда.