Шенеуніктер мінген көліктердің бағасы әртүрлі болып шықты

Шенеуніктер мінген көліктердің бағасы әртүрлі болып шықты

Шенеуніктер мінген көліктердің бағасы әртүрлі болып шықты
ашық дереккөзі

Еліміздегі шенеуніктердің лауазымы бір болғанмен, мінген темір тұлпарларының құны әрқалай болып шықты. Өңірлердегі шенеуніктер бір маркалы көліктерді әр түрлі бағамен сатып алған. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев бюджет қаржысының жұмсалуын тексеру барысында баға айырмашылығының 40 пайызға дейін жеткендігін мәлімдеді. Мемлекет тарапынан берілетін теміртұлпарды әр шенеунік әр түрлі бағада сатып алуы қаржылық бақылау комитетінің назарын аударын отыр.

Бұл ақпаратты «Нұрлы жол» бағдарламасына бөлінген қаржыны бақылау және салықтың төленуін қадағалау бойынша арнайы құрылған топ анықтаған. «Бұл мемлекеттік сатып алу байқаулары жеңімпаздарын тексеру, сондай-ақ, бюджет қаражатының жұмсалуын назарда ұстауға септігін тигізбек», - деді Теңгебаев. Қаржы вице-министрі келтірген мәлімет бойынша, автокөліктердің құнына алдын ала талдау жүргізілген. Сөйтіп, республиканың әрбір өңірінде бағаның әртүрлі екенін анықталып отыр. Бюджет қаражатының тап осындай тиімсіз жұмсалуын болдырмау үшін, қаржылық бақылау комитеті автокөлік сатып алуға арналған шығыстарды жоспарлау кезінде қолдануға болатын жүйелі ұсыныстар әзірленіп жатқандығын да тілге тиек етті.