Bek Air компаниясы билет ақшасын қашан қайтаратынын айтты

Bek Air компаниясы билет ақшасын қашан қайтаратынын айтты

Bek Air компаниясы билет ақшасын қашан қайтаратынын айтты
ашық дереккөзі
Bek Air компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов жолаушыларға сатып алған билеттерінің ақшасын қайтаратынын айтты, – деп жазды zakon.kz. – Оператордың сертификаты қайта қалпына келтірілгенде, билет сату жүйесі іске қосылады, сол кезде кім билет сатып алды, кім оны ауыстырған, кім қайта өткізгені туралы мәліметтердің барлығын көре аламыз. Қазір түк көріп отырғанымыз жоқ. Апаттан кейінгі алғашқы күндегідей алаяқтыққа жол бермес үшін де қазіргі уақытта ешнәрсеге қарамай ақшаны қайтара алмаймыз, – деді Жұмасұлтанов. Авиакомпанияның Instagram-дағы парақшасында «техникалық қиындықтарға байланысты ақшаны қайтару мүмкін болмай жатқандығы» айтылды. «Бірақ ақша міндетті түрде қайтарылады» деді басшы. Ақшаны толығымен қайтарып алу үшін билетті сатып алған жерге хабарласу керек. Ал егер билеттер әуекомпанияның веб-сайты арқылы сатып алынған болса, онда ақшаны қайтару жөнінде callcenter@bekair.aero электрондық поштасына сұраныс жіберу қажет.